Мәскеуде Түркістан облысының туристік әлеуетін дамыту мақсатында презентация өтті

532



Қазақстан мен Ресей елшілігі және Сауда өкілдігінің қолдауымен Мәскеуде Түркістан облысының туристік әлеуетін дамыту мақсатында презентация өтті.

Шараға туроператорлар, қоғамдық ұйым өкілдері мен Ресей астанасының ұлттық мәдени қорлары қатысты. "Turkistan Tourism Center" ақпараттық орталығының мәліметі бойынша өткен жылдан бері аймаққа шетелден келген саяхатшылар саны 10%-ке ұлғайған.

Көбінесе туристер Ташкент, Самарканд пен Бухарадан келеді. Сонымен қатар шарада ресейліктер үшін Сарыағаштың шипажайлары мен көрікті жерлері ұсынылып, Мәскеуден Шымкентке дейін тікелей әуе бағыты бар екені де айтылды.

Жамбыл Қожамбеков, Түркістан облысының туризм басқармасының бас маманы:

– 9 айлық көрсеткіштердің мәліметтері бойынша 152 мың адам келген. Бір күндік зияратшылар 985 мың. Келесі жылы тағы 10-15%-ке арттырамыз деген ойдамыз. Жалпы туризмнен түсетін экономикалық пайданы жалпы ішкі өнімдердің 8%-іне жеткізу деген жоспарымыз бар.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -