1 желтоқсан – дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күні

2410



Бүкілодақтық денсаулық ұйымы және Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының шешімдеріне сәйкес  бүкіл әлемде жыл сайын 1 желтоқсанда  ЖИТС-пен күресу күні  аталады.

Бұл дата денсаулық сақтау мәселесімен байланысты, халықтың ақпараттануларын жоғарылату мүмкіндігінің бірде-бір негізі  болатын халықаралық маңызды күндердің бірі болып отыр. 

АИТВ жұқпасы бүкіләлемдік қоғамдық денсаулық сақтау жүйесіндегі негізігі мәселенің бірі болып қалуда:  бүгінгі күні  осы дерттен 32 млн астам адамның өмірі қиылған.  Барлық әлемде 2018 жылы  770 000 адам АИТВ жұқпасына байланысты қаза тапты. 2018 жылдың соңында әлемде шамамен 37,9 млн адам АИТВ-жұқпасымен тіркелген болса, оның ішіндегі  1,7 млн адам инфекцияны 2018 жылы жұқтырған. Ем қабылдамаған жағдайда  АИТВ инфекциясын жұқтырған кезеңнен  ЖИТС ауруы дамығанға дейін  10-12 жылда АИТВ инфекциясының ағзада болғаны білінбей өтуі мүмкін. 

АИТВ-инфекциясы – емделмейтін дерт. Бүгінгі күні осы инфекцияның  таралуын тоқтататын дәрі табылған жоқ. Сондықтан  ЖИТС-тен қоғанудың жалғыз жолы –  алдын алу шараларының барлық мүмкіндіктерін қолдана отырып жұқтыруды болдырмау. 

Вирус жеткілікті мөлшерде қанға түскенде жұқпаны жұқтыруы мүмкін. АИТВ-жұқпасының негізгі жұқтыру жолдарын білу және есте сақтау маңызды. Инфекция қан, қынаптың сұйық бөліндісі, ұрық сұйықтығы, емшек сүті арқылы беріледі.  Зақымдалмаған тері, сілекей, тер, нысап және зәр арқылы берілмейді. 

АИТВ-жұқпасын жұқтырудың бірнеше жолдары бар:

- қорғанусыз жыныстық қатынас

- егіс қабылдау және есірткі дайындау үшін зарарсызданылмаған құралдарды бірге қолдану (шприцтер, инелер, қасықтар, фильтрлер және ұ.з) 

- татуировка және пирсинг үшін зарарсызданылмаған құралдарды бірге қолдану 

- бөтен біреудің тіс щеткаларын және қырыну құралдарын қолдану

- жүктілік және емшек сүтімен тамақтандыру кезінде АИТВ-жұқпасын жұқтырған адамнан балаға жұқтыру.

АИТВ жұқпасы қол алысқанда, құшақтасқанда, сүйіскенде, жөтел және түшкіргенде, ыдыстар мен асханалық құралдарды ортақ қолданғанда, сүлгі және төсек-орындар,  дәретхана және ваннаны бірге пайдаланғанда, спортпен бірге айналысқанда, бір бөлмеде болғанда, жәндіктер шаққанда берілмейді. 

1 желтоқсан  бүкіл әлемде -  бұл қоғамның АИТВ инфекциясын жұқтырғандарға және ЖИТС-пен ауыратын адамдарға өз төзімділігін көрсетуге, АИТВ-ның планетада таралуын төмендету жағына қарай қадам жасауға мүмкіндік береді!  

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -