Алматыда 1700 бала үшін жаңа жылдық көрсетілім қойылды

789



Бүгін Қазақ мемлекеттік циркінде қаланың барлық мектептерінің оқушылары үшін жаңа жылдық көрсетілім өтті.

Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша жаңа жылдық шара ұйымдастырылды. Алматының барлық сегіз аудан мектептерінің оқушылары шақырылды. Жаңа жылдық көңілді шараға келгендердің арасында мемлекеттік қолдауға зәру жетімдер, ата- ана қарауынсыз қалғандар, мүмкіндігі шектеулі балдырғандар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары, оқу үздіктері болды. Жаңа жылдық мерекеге барлығы 1700 бала келді.

Қала әкімі Б. Сағынтаевтың атынан балаларды Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров құттықтады.

«Жаңа жыл – ең алдымен балалардың мерекесі, өйткені олар сыйқырға сенеді. Сендер– тәуелсіз Қазақстанның болашағысыңдар.Тәуелсіздік жылы дүниеге келген сендер жас мемлекетімізбен бірге өсіп, нығаюдасыңдар. Сендерге денсаулық пен бақыт тілеймін, өздеріңе, болашақтарыңа және алға қойған мақсаттарыңа жетуге ұмтылыңдар», - деді жаңа жылдық қойылымға қатысқандарға Алматы әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаров.

Кішкентай көрермендер үшін лазерлі шоу болды, цирк артистері мен шоу-балет «Жаңа жылмен, Алматы!» вокалды-хореографиялық қойылымын көрсетті. Барлық балаларға жаңа жылдық сыйлықтар берілді.















Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -