Нұр-Сұлтан әкімдігі коронавирус қаупіне байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатыр

8569



Бүгін елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Макеннің төрағалығымен коронавирустың таралуын болдырмау және алдын-алу шаралары жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараға әуежай, теміржол вокзалы, денсаулық сақтау басқармасы және басқа да қалалық қызмет орталықтарының басшылары қатысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар Қытайдан Қазақстанға коронавирустың таралуын болдырмауға бағытталған ұйымдастырушылық шараларды қабылдауда.  Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан вице-премьер Б.Сапарбаевтың төрағалығымен ведомствоаралық комиссия құрылды, оған Қазақстанда коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындау тапсырылды.

 Әкімнің орынбасары әуежай мен вокзалдарда санитарлық бақылауды күшейтудің маңыздылығын атап өтіп,  елордада коронавирустың таралуын болдырмау үшін шаралар қабылдауды талап етті.

 Қазіргі уақытта елордаға коронавирустық инфекцияның әкеліну жағдайларын оқшаулау және жою бойынша жұмыс тобы құрылды, халықаралық рейстердің келуіне жылу бақылау қондырғысы күшейтілді, барлық адамдардың міндетті байланыссыз термометриясы жүргізілуде, әуежай, шекара және кеден қызметтері қызметкерлерімен профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылды.

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -