«Елорда жастары сыйлығы 2019» жобасына дауыс беру аяқталды

654



26 қарашада «Елорда жастары сыйлығы 2019» жобасының қатысушыларына дауыс беру өз мәресіне жетті. Жеңімпаздардың есімі 8 желтоқсан күні марапаттау кешінде анықталады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Естеріңізге салсақ, дауыс беру 6 қарашадан бастау алып, 26 қарашаға дейін жалғасын тапты. Дауыс беру жүйесіне 100 000-ға жуық адам тіркелген.

«Елорда жастары сыйлығы» – биыл Жастар жылы аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен Елордамыздың белсенді жастарына демеу болу, табысты жастардың идеалын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып жатқан ауқымды жоба.

Жобаның мақсаты –  жаңа қырымен танылған жастарға өз жетістігін жария етіп, лайықты марапатын алуға мүмкіндік жасау, олардың жеткен жетістіктерін халық арасында танытып, дәріптеу, бәсекеге қабілетті және кәсіби шеберлігі жоғары мамандарды қалыптастыру.

«Елорда жастары сыйлығы 2019» жобасына 14 пен 29 жас аралығындағы Нұр-Сұлтан қаласының  жастары келесі номинациялар бойынша бақтарын сынаған болатын: «Ғылым», «Заманауи шығармашылық өнер», «Журналистика», «Қоғамдық қызмет», «Спорт, Кино және театр», «Эстрада», «Әлеуметтік саланың үздік қызметкері», «Өндірістің үздік қызметкері», «Жас кәсіпкер», «Жыл волонтеры», «Жыл студенті», «Үздік мемлекеттік қызметкер», «Үздік жастар театры», «Ұлттық өнер».

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 8 желтоқсан күні «Бейбітшілік және Келісім сарайында» елімізге танымал, мәдениет және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен өтеді. Кеште қазақ эстрадасының жұлдыздары өнер көрсететін болады. Жеңімпаздарға  ақшалай сыйлық пен арнайы статуэтка табысталады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -