Қазақстан Елшісі Эстонияның Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

9658



«Кадриорг» президенттік сарайында Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Елшісі Нұрлан Сейтімов Эстония Республикасының Президенті Керсти Кальюлайдқа сенім грамоталарын тапсырды.

Кездесу барысында Президент К.Кальюлайд Қазақстан басшылығының Эстонияда Елшілік ашу туралы шешімін жоғары бағалап, мемлекетаралық қатынастардың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Өз кезегінде, Елші Н.Сейтімов екіжақты іс-қимылда тиімді ынтымақтастық үшін үлкен әлеует бар екенін және жаңадан ашылған Елшіліктің күш-жігері оны сөзсіз жүзеге асыруға бағытталатындығын атап өтті. Ынтымақтастықтың басым бағыттары - цифрландыру, транзит және логистика, ауыл шаруашылығы, заңнамалық базаны нығайту және кеңейту.

 Эстонияның Президенті Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық және саяси реформалар туралы хабардар етті.

Сөз соңында Президент К.Кальюлайд Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ізгі тілектерін жеткізді.

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -