«Қарызсыз жаңа жыл!»

651

9-13 желтоқсан аралығында елорда аумағында «Қарызсыз жаңа жыл!» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Іс-шара құқық бұзушыларға   әкімшілік айыппұлдар, салықтар бойынша, сондай-ақ көлік құралдарын шектеу бойынша қарыздарының бар екендігін хабарлау мақсатында өткізіледі. Іс-шараға Полиция департаменті, Мемлекеттік кірістер депаратаменті, Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы және «Қазпошта» АҚ қызметтері жұмылдырылған.  

Рейдтік пысықтаулар аясында полицейлер автокөліктердің тіркеу белгілерін  тексереді. Осылайша, ЖАІШ-тің алғашқы күні тәртіп сақшылары жалған нөмірі бар «Mazda» маркалы автокөлік жүргізушісін ұстаған.

 26 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік іс  қозғалды.  Жүргізушінің өзі жасаған құқық бұзушылығымен келіскен, қарсылығы жоқ. Автокөлік Нұр-Сұлтан қаласы ПД мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Тексеріс жүргізу барысында  аталған нөмірге 200 мыңнан астам теңге сомасына  17 ЖҚЕ бұзушылық тіркелген.

Жылдың басынан бастап елордада көрінеу жалған  немесе жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі бар көлік құралын басқарғаны үшін 77 факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік іс  қозғалды.        

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -