Мақсат: салалық журналистиканы дамыту

1115



2019 жылдың 27 қыркүйегінде Nur-Sultan қаласында "KAZAKHSTAN ENERGY WEEK 2019" апталығының KAZENERGY ХІІ Еуразиялық Форумы аясында БАҚ өкілдеріне арналған «Салалық журналистика: мұнай және газ тақырыбына тән ерекшеліктер» атты бір күндік семинар-тренинг жоспарланып отыр. Тренингке Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан журналистер қатыспақ.

Семинарды ұйымдастырушылар: «Деловой Қазақстан» Республикалық экономикалық газеті және Қазақстандағы «Шеврон» компаниясы.

Экономикалық тақырыпқа маманданып жүрген журналистерге арналған осынау оқыту семинарының басты мақсаты: 

  • Қазақ тілінде салалық журналистиканың дамуына үлес қосып, журналистерді отандық  мұнай және газ өнеркәсібінің бүгінгі даму барысымен таныстыру; 
  • мұнай және газ саласына қатысты ақпарттарды дұрыс қолдану, мұнай және газ саласына экономикалық тұрғыдан талдау жасау тетіктерін талқыға салу, т.т.

Оқыту семинарын жүргізуші медиатренерлер: мұнай және газ саласына маманданған тәжірибелі журналист, сарапшы Елена БУТЫРИНА және экономикалық журналистика саласына маманданған тәжірибелі журналист, медиасарапшы Әсия АҚЫШЕВА.

«Семинар барысында Қазақстандағы мұнай және газ өндірісінің жалпы құрылымынан бастап, еліміздегі ең ірі мұнай кеніштері, Каспий қайраңындағы геологиялық барлау жобалары мен көмірсутегі шикізаттарын тасымалдау бағыттары, көмірсутегі өнімдерін өңдеу саласы туралы, сондай-ақ әлемдік мұнай және газ нарығындағы мұнайдың сорттары, көмірсутегі өнімдері нарығындағы баға саясаты, ОРЕК ұйымы мен ОПЕК+ ұсыныстары туралы айтылып, жалпы, іскерлік журналистика салалсында қызу талқыға салынуы тиіс өзге де бірқатар тақырыптар қамтылатын болады», - дейді ұйымдастырушылар.

Медиатренерлердің айтуынша, тренинг барысында практикалық кейстер де ескерілген. Онда ақпарат көздерімен жұмыс істеу, ресми ақпараттарды талдап, мақалау құру сынды өзге де коммуникациялық алгоритмдер жолдары туралы сөз болмақ.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -