Елордалық кәсіпкерлер іргелес аумақтарда тазалық пен тәртіпті сақтауға міндетті

638



Қаланы абаттандыру ережелеріне сай, барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер қыста өзіне тиесілі аумақты қардан тазартуға міндетті. Аталмыш ережені бұзғаны үшін қыс мезгілінен бастап 23 мердігерлік ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елордада қардың толастамай жаууы салдарынан дауылды ескерту жарияланып, қала сыртындағы тас жолдардың жабылғандығы белгілі.  Қыс басталғалы тәулік бойы елордалық коммуналды қызметтер мен арнайы техника бірнеше ауысымда жұмыс істейді.

Сондай-ақ, қар тазарту бастамасын еріктілер де қолға алып, қар қалың түскен күндері жастар қаланың шалғай аудандарын аралап, жалғыз басты қарияларға, ардагерлерге қарды тазартуға көмектесіп жүр.

Елорданы абаттандыру ережелеріне сәйкес, барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер іргелес аумақтарда тазалық пен тәртіпті сақтауға, қыста өзіне тиесілі аумақты қардан тазартуға, мұзға қарсы материалдармен себуге міндетті.  Алайда, кәсіп иелері көбінше бұл міндетті орындауға асықпайды.  Бұл тұрғыда қалалық полиция қызметкерлері қарды уақтылы шығармағаны үшін кәсіп иелеріне айыппұл салатынын ескертеміз.

Сондай-ақ, жергілікті полиция қызметі қаланы санитарлық тазартуды, атап айтқанда айналаны қардан және мұздан уақтылы тазартуды бақылау мақсатында рейдтер өткізеді. Бүгінгі күндегі жағдай бойынша тәртіп бұзушылар арасында мердігер ұйымдар, дүкендер, кафелер, сауда нүктелері, сондай-ақ басқарушы компаниялар да бар екенін айта кету керек.

Ғимараттар мен үй-жайлардың меншік иелері мен жалдаушылары өз және іргелес жатқан аумақтарды қардан, мұздан уақтылы тазартуды ұйымдастырып, қарды қала сыртындағы арнайы полигонға өз бетімен немесе келісілген ұйымдармен шарт бойынша шығаруды қамтамасыз етуі қажет.  Қарды тазарту кезінде алдымен жаяу жүргіншілерге арналған жолдар, аула жолдары, қоқыс контейнерлері мен өрт гидранттары, сонымен қатар газ тарату қондырғылары мен трансформаторлық қосалқы станциялар тазартылады.  Аулаға кіру, шығу жолдары, ауданішілік қозғалыс жолдары механикалық тазартудан соң және жүру бөлігінің шетінен қарды сыпырғаннан кейін тазартылады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -