Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері

1956



ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын ОРАЗАЛИН Ақтөбе облысында ҚР Президентінің халықтың әл-ауқатын арттыру, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру, экономиканы дамыту жөніндегі Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында қабылданып жатқан шаралар, сонымен қатар, өңірдің 2019 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.

Ақтөбе облысында барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша қарқынды өсім бар. Өнеркәсіп өсімі 5,3% құрады. Өңір экономикаға тартылған инвестицияның көлемі жағынан көш басында тұр, жыл соңына дейін 600 млрд. теңге тарту жоспарланып отыр, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 5%-ға жоғары. 2024 жылға қарай тартылатын инвестиция көлемі алдын ала болжам бойынша 2,7 есе көбейіп, 1,6 трлн. теңгеге жетеді.

Облыс әкімі: «Өңірде құны 140 млрд.теңге болатын 25 жоғары технологиялық инвестициялық жоба іске асырылып, 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылу үстінде. Ірі жобалардың қатарында инвестиция көлемі 148 млрд. теңге «AltynEx» АҚ-ның жылдық қуаттылығы 5 млн.тонна алтын кені болатын тау-кен металлургиялық комбинатын салу, құны 38 млрд теңге болатын, 4.0 Индустриясының элементтері бар «Орыс мыс компаниясы» АҚ байыту фабрикасын жаңғыртуды аяқтау, «Қазхром» ТҰК» АҚ-ның тазартылған феррохромының шөгінді қожын қайта өңдейтін фабрика салу (құны 17 млрд. теңге), «Green Capital Kazakhstan» ЖШС-нің бесінші буын жылыжайының жобасын әрі қарай кеңейту (құны 13 млрд. теңге) жобалары бар. Альтернативті энергетика саласында «ArmWind» ЖШС-нің «Бадамша» жел электрлі стансасының қуаттылығы жылына 48 МВт болатын бірінші кезегі іске қосылмақ. Өңірдің инвестиция ағынын көбейту мақсатында қосымша 500 млрд теңгеден астам қаражат тартып, кем дегенде 15 мың жаңа жұмыс орындарын аша отыра «Евразия» арнайы экономикалық аймағы мен түрік инвесторының «GOSB» индустриалды паркін құру жұмыстары жүргізіліп жатыр»,- деп атап өтті.

Арнайы экономикалық аймақ құру тиімділігі жоғары өндірісті дамыту үшін шетелдік жəне ұлттық инвестициядарды тартуға, экспорт əлеуетін ынталандыруға, импорт алмастырушы өндірістерді өркендетуге жəне жергілікті мазмұндағы түпкілікті өнімнің үлесін арттыруға, халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 700 гектар алаңда өнеркəсіптің басым салаларында 50 шағын, орта жəне ірі кəсіпорындар құрылатын болады. Шағын және орта бизнесті дамытуға аса назар аударылуда. «Doing Business» рейтингінің нәтижесі бойынша облыс бизнесті оңай жүргізу жағынан елімізде үшінші орында. Өңірде «Жол картасы 2020» бағдарламасы белсенді жүргізіліп жатыр (15 млрд теңгеден астам сомаға 266 жоба жүзеге асырылды). Биыл 3,3 мың адам бизнес негіздеріне үйреніп, олардың ішінде 650-ден астам адам несие мен грантқа ие болды. Жұмыс істеп жатқан ШОБ субъектілерінің саны 59,2 бірлікке дейін өсті, аталмыш саламен 144 мың адам айналысып жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірде азық-түлік қауіпсіздігін суармалы жерлер аумағын ұлғайту, жаңа инновациялық жобаларды енгізу, өнімді қайта өңдеу үлесін өсіру және «ақылды» технологияларды енгізу есебінен қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілді. 2019 жылдың басынан бері ақтөбелік шаруалар 199,9 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы өнімін өндірді. Еңбек өнімділігі бір адамға 1,4 млн теңгені құрады.

«Ауыл шаруашылығының әлеуеті өте үлкен, алайда, осы саланың өңір экономикасына қосатын үлесі 5%-дан кем. Біз алдымызға бірқатар амбициялық мақсаттар қойдық. 2025 жылға қарай ірі қара мен ұсақ мал басын үш есе көбейтуге, яғни ірі қара малды 464 мыңнан 1,4 млн.-ға дейін, ұсақ малды 1,1-ден 3,4 млн-ға дейін көбейтуді, облысқа 440 мыңнан астам асыл тұқымды ірі қара мал басын әкелуді, үш жылдың ішінде құс еті тапшылығын жоюды жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда біз етті Ресейге, Өзбекстан мен Иранға экспорттап отырмыз, келешекте көлемін айтарлықтай арттырып, басқа елдерге де, соның ішінде БАӘ-де жеткізетін боламыз»,- деді Оңдасын Оразалин.

Осыған байланысты өңірде суармалы жерлер алаңын 3,5 есе немесе 100 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарлануда, бұл өнімділікті айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Облыстың су ресурстарының әлеуетін көтеру мақсатында 32 су қоймасы салынады. Тұрғын үй құрылысы саласын қарқынды дамытудың тиімді шаралары қабылданып жатыр. Соңғы бес жылдың ішінде барлық қаржы көздерінің есебінен 3,3 млн. м2 пайдалануға беріліп, 28 мыңнан астам отбасы баспанамен қамтылды. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биыл 939,5 мың м2 пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -