АҚШ және Қазақстан Орталық Азияның электр энергиясы нарығын қолдау үшін шартқа қол қойды

784



Бүгін Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан Республикасы Орталық Азия өңірлік электр энергиясы нарығын (CAREM) құруда көмек көрсететін Өзара түсініктік туралы меморандумға (ӨТМ) қол қойып, энергетикалық ынтымақтастықты нығайтуда маңызды қадам жасады. Азия мемлекеттері бойынша USAID Әкімшісі көмекшісінің орынбасары Хавьер Пьедра және Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі  Сұңғат Есімханов Сыртқы істер министрлігінде ӨТМ қол қойды.

На изображении может находиться: 2 человека, люди улыбаются, люди стоят и костюм

Орталық Азияның бес мемлекеттерінің әрқайсысының өз ішкі энергетикалық ресурстары бар болса да, олардың барлығының мейлінше аз шығын жұмсап сұранысты қанағаттандыру үшін сенімді және қауіпсіз электр энергиясын қамтамасыз ету, техникалық стандарттарды сақтау және инвестицияларды тарту сияқты энергетикалық секторда көздейтін мақсаттары мен міндеттері бір. Жетілдірілген өңірлік энергетикалық жүйе қаражаттарды үнемдеуге және энергетикалық қауіпсіздік пен экономикалық тұрақтылықты арттыруға мүмкіндік беріп қана қоймай, коммерциялық айналымды жеңілдетеді және Орталық Азияның барлық бес мемлекеттерінің энергетикалық секторларына инвестиция тартады.

На изображении может находиться: 2 человека, люди стоят

Іс-шарада сөз сөйлеу барысында Пьедра мырза: «CAREM интеграцияланған нарығы қаражаттарды үнемдеуге, энергетикалық қауіпсіздік және экономикалық тұрақтылық деңгейін арттыруға жағдай жасайды, сондай-ақ коммерциялық сауда-саттық үдерісін жеңілдетеді, Орталық Азияның барлық бес мемлекетінің және Оңтүстік Азияның көршілес мемлекеттерінің энергетикалық секторларына инвестиция тартады», - деп баса айтты.

На изображении может находиться: 9 человек, костюм

АҚШ халықаралық даму агенттігі (USAID) Орталық Азия мемлекеттеріне: Қазақстанға, Қырғызстанға, Тәжікстанға, Түркіменстанға және Өзбекстанға осы өмірге бейімді экономикалық және тұрақты электр энергиясы нарығын құруда қолдау көрсетеді.  Өңірлік электр энергиясы нарығы әр мемлекеттің қажеттіліктерін қанағаттандыру, экономикалық және әлеуметтік дамуын қолдау үшін Орталық Азия мемлекеттерінде арзан электр энергиясын жеткізіп тұрады. CAREM түпкі мақсаты электр энергиясының адал және тұрақты саудасын қамтамасыз ететін интеграцияланатын нарықты құру болып табылады. Бұл, өз кезегінде, өңірдің барлық мемлекеттерінің экономикалық өсуі үшін кең мүмкіндіктерді ашады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -