Сенатор Сергей Плотников ТМД ПАА Экономика және қаржы жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысына қатысты.
Отырысқа қатысушылар «Сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеу туралы», «Үлестік негіздегі жылжымайтын объектілерді салу туралы», «Инженер ісі туралы», «Инжинирингтік қызмет және инжиниринг туралы» үлгі заң жобаларын қарады және басқа да бірқатар мәселелерді талқылады.
Одан басқа ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде жария-жеке меншік әріптестік тетіктерін дамыту және қолдану жөніндегі ұсынымдар әзірлеу, комиссияның Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы үлгі заң шығарудың 2016-2020 жылдарға арналған келешектегі жоспарын орындау қорытындыларын, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы 2020-2022 жылдарға арналған үлгі заң шығарудың келешектегі жоспарының жобасына ұсыныстарды және басқа да бірқатар мәселелерді талқылады.