Елорда әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды қабылдады

802



Тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, елді-мекендерді дамыту, медициналық көмек алу, аутизмі бар балаларға арналған оңалту орталығының жұмыс механизмдері елорда әкімі Алтай Көлгіновтың жеке қабылдауында талқыланды. Самал есімді қала тұрғыны бұған дейін де қабылдауда болған. Оған денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері баласына ота жасауға көмектесті. Қазір балаға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Пригородный елді-мекенінің тұрғындары қала әкімдігі аймақты дамыту бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, Пригородный елді-мекенінде тынымбақтар салу қажет екендігін айтты.

"Біз өзімізді шеткері аймақтардың тұрғындары ретінде есептемейміз, біз - қала тұрғындарымыз, әуежай қол созым жерде орналасқан. Елді-мекенде әлі де жасалатын жұмыс көп. Бірақ, алдымен тұрғындарды мәдениеттілікке шақыру керек екенін атап өткім келеді. Өйткені, балалардың өздері, тұрғындар да жасап берген алаңдарды, заттарды өз қолдарымен сындырады. Сондай - ақ, басқа да ғимаратты салар алдында тұрғындармен ақылдасқандарын қалар едім", - деді Татьяна есімді тұрғын.

Қала әкімі Алтай Көлгінов қоғамдық кеңістікті дамыту аясында тұрғындардың пікірі міндетті түрде ескерілетіндігі туралы айтты.

Біз қаланы адамдар үшін дамытамыз, яғни қала тұрғындар үшін ыңғайлы болуы шарт. Қайда не салу керек екендігі, қай жерлерге ағаш отырғызу, қай жерлерге алаң орнатылуы қажет екендігі қала тұрғындарымен келісіледі",-деп атап өтті.

4 ай ішінде елорда әкімі Алтай Көлгінов 600-ден астам адамды қабылдады.  Азаматтарды қабылдау жүйелі түрде аудандардың open әкімдіктерінде, "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығында өтсе, ал кәсіпкерлерді қабылдау  iqala бірыңғай қалалық қызмет көрсету орталығының алаңында өткізіледі.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -