Парламент Сенатының депутаты Ләззат Сүлеймен елордалық соттарды аралады

735



Парламент Сенатының депутаты Ләззат Сүлеймен Нұр-Сұлтан қаласындағы Алматы және Сарыарқа аудандарының соттарында болып, олардың «Медиация туралы» заңды іске асыру жөніндегі қызметімен танысты.

Шараға Жоғарғы Соттың судьясы Ұлболсын Сүлейменова, астаналық соттың судьялары Гүлжанат Рахметова мен Гүлнар Жаппарова, Сарыарқа аудандық сотының төрағасы Арман Жүкенов, Алматы аудандық сотының төрағасы Асан Бәкішев, «Отбасылық сот» және «Сотта татуласу» қанатқақты жобаларының үйлестіруші-судьялары, психологтар, адвокаттар, сондай-ақ медиаторлар қатысты.

Алматы аудандық сотындағы кездесуде судья Майя Қасымова «Отбасылық сот» жобасының жұмыс нәтижелері, медиация институтының дамуы мен істерді қарау кезіндегі бітістіру рәсімдерін қолдану туралы айтты. 2019 жылдың 9 айында сотта қарауға қабылданған 1811 істің 1401 ісі қаралды, оның ішінде 609 отбасы ажыраспай, жұбын сақтап қалды.

Қатысушылар сонымен қатар Сарыарқа аудандық сотында іске асып жатқан пилоттық жобаның нәтижелерімен де танысты. Жоба аясында сот ғимаратында татуластыру рәсімдерін өткізу үшін арнайы кабинет жабдықталды. Жыл басынан бері татуластырушы-судьяның қатысуымен 370 дау реттелді.

Сапар аясында кәсіби медиаторлармен кездесу болып, «Медиация туралы» заңға түзетулер әзірлеуге байланысты мәселелер талқыланды. Қазіргі өзекті мәселелер мен оларды шешу мүмкіндіктері, сондай-ақ осы саладағы қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар айтылды. Жүздесуге қатысушылар кездесу қорытындысы бойынша пилоттық жобаларды дамытудың әлеуетіне өз бағасын берді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -