Өмір сүретін болады - Б. Сағынтаев Алматы троллейбусының тағдыры туралы

707



Алмалы ауданының тұрғындары ПИК-тердің және монополистердің жұмыстарына шағымданды, сонымен қатар, экологияны жақсарту, қалада өмір сүру үшін жайлы жағдайлар жасау жөнінде пайдалы ұсыныстар айтты.

Бүгін, 20 желтоқсанда «еркін микрофон» форматында Алмалы ауданының тұрғындарымен екінші рет кездесу өтуде. Ағымдағы жылдың 28 тамызында өткен алғашқы кездесуде 90-нан астам ауызша және жазбаша сұрақтар қойылған болатын.

Сонау 1932 жылы құрылған Алмалы ауданы мәдени және қоғамдық өмірдің тарихи орталығы болып саналады. Ауданда сумен, жылумен, кәрізбен және электрмен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілген.

Урбанистика және жайлы орта мәселелері әлі де актуальды болып қалуда.

Ауданда тағы 18 км тротуар салу және халықтың мүмкіндігі шектеулі тобы үшін 28 км жолды реконструкциялау қажет. 26 учаске маңына сыртқы жарық орнатылады, сонымен қатар 49 аула аймағы мен 68 көшеге қосымша жарық беріледі.

Полицияның жаңа сервистік жұмысының арқасында ауданда адамдар көп жиналатын орындар мен стихиялы сауда учаскелеріне полицияның үш модульді постысы қойылды, олардың көмегіне 175 тұрғын жүгінген.

2016-2017 жылдары жөнделген аула ішіндегі аймақтардағы балалар және спорт алаңдарын қайта қалпына келтіру қиынға соғуда. Сол кезде салынған 221 ауладағы спорт және ойын алаңдары келер жылы жөнделеді. Ауданда келер жылы 192 аула жөнделеді, қалған 52 аула 2021 жылы жаңарады.

Жеке инвесторлардың көмегімен ескі үйлердің проблемасы шешілуде, ағымдағы жылы ауданда 7 ескі үй сүрілген, 52 отбасы баспанасын жақсартқан. Жалпы, осы мәселені ұтымды шешу үшін қалалықтардың белсенділік танытулары және инвестор ұсынған нұсқа бойынша бірауыздан шешім қабылдағандары жөн.

Оқушы орнының тапшылығын жою үшін Райымбек даңғылы мен Тілендиев көшесі бойында 1000 орынды мектеп салу жоспарланған. Айта кетерлігі, келер жылы №144 мектеп-гимназия жанынан қосалқы нысан салу үшін құжаттар әзірленуде.

Бүгінгі кездеусде ПИК-тердің жұмысына және «Алматытелеком» компаниясының байланыс қызметіне көп шағым айтылды. Дегенмен, тұрғындар экология мен жасылдандыруды жақсарту, оның ішінде шырша бағын бөлу бойынша ұсыныстарын айтты. Сонымен қатар, тұрғындар көшелердегі урналардың аздығына, парктер мен көңіл көтеретін орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге назар аударды.

Аудан тұрғындарын қоғамдық көліктің жұмысы да толғандырады. Алматы әкімі Б. Сағынтаев автобустар тапшылығы қала және жеке автопарктер есебінен толығатынын атап өтті. Троллейбустардың тағдыры туралы қойылған сауалға қала әкімі Б. Сағынтаев қоңғамдық көліктің бұл түрін жабу туралы әңгіме қозғалмағанын айтты. 

«Өмір сүреді және әрі қарай жұмыс жасайтын болады. Тіпті, келер жылы оның байланыс желілері мен инфрақұрылымын жаңартамыз», - деді Бақытжан Сағынтаев. Қаланың басты міндеттерінің бірі қоғамдық көлікті дамыту екенін атап өтті.

Мұндай кездесулердің форматы туралы айта келіп қала әкімі қойылған сұрақтардың қала проблемаларын тиімді шешуге көмектесетінін айтты. Бақытжан Сағынтаев қалалықтарды белсенді болуға және қаланы жақсартуға қатысуға шақырды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -