Есіл ауданының тұрғындары елорда әкіміне 100-ден астам сұрақ қойды

690



Қала әкімі Алтай Көлгіновпен кездесу барысында Есіл ауданының тұрғындары мектептерде оқу орындарының жетіспеушілігі мәселесін көтерді. Үркер елді-мекенінің тұрғындары жаңа мектеп салуды сұрады.

Үркер елді мекеніндегі жаңа мектептің құрылысы 2020 жылы басталып, 2021 жылы аяқталады. Сонымен қатар Есіл ауданында орналасқан мектептердің шамадан тыс жүктелуі мәселесін шешу мақсатында 4 жаңа мектеп пен балабақша құрылысы жүріп жатыр. Бұл №59,71,75,76,77,79,84 және 85 мектептердің шамадан тыс жүктелуі мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Биыл №88 жаңа мектеп, №24 мектептің тағы бір корпусы, сондай-ақ балабақша ашылды.

Қала әкімі Алтай Көлгіновпен кездесу барысында аудан тұрғындары жол кептелісі мәселесін көтерді. Бұл мәселені шешу үшін Қабанбай батыр даңғылын сегіз жолақты етіп салу жоспарланып отыр.

"10 жылда автокөліктердің саны 200 мыңнан 500 мыңға дейін, 2 есе артты. Биыл біз 50 км-нан астам жол жөндедік, бұл 69 көше. Қабанбай батыр даңғылындағы жүктеме бойынша сұрақтар туындап отыр. Күн сайын таңертеңгі және кешкі уақытта магистральды жолдағы жүктемені байқаймыз. Біз оны 8 жолаққа дейін көбейтеміз. Қазір жобалық-сметалық құжаттама жүргізіліп жатыр. Қабанбай батыр даңғылы және одан әрі қарай Тұран даңғылындағы жол қиылыстарында жол айрықтарын қатар тұрғызамыз. Бұл жұмысты келесі жылы бастаймыз", - деді Алтай Көлгінов.

Қала әкімі елордада үш көпір салынатынын айтты. Тәуелсіздік даңғылы бойынша Есіл өзені арқылы тәулігіне 50 мыңға жуық автокөлік ағыны Керей, Жәнібек хандар және Ұлы Дала даңғылына тікелей қатынайды. Сондай - ақ, Есіл өзені мен Нұра-Есіл арнасы арқылы Ұлы Дала бойынша екі көпір салынады. Аталған 3 көпір мен жолдың құрылысы қаланың оңтүстік-шығыс және сол жақ жағалау бөлігі арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, Мәңгілік Ел даңғылының жүктемесін азайтады және Нұрлы жол вокзалының қолжетімділігін арттырады.

Елорда әкімі Алтай Көлгіновпен кездесу кезінде Есіл ауданының тұрғындары 100-ден астам сұрақ қойды.

Сұрақтардың бір бөлігі сол жерде шешілсе, қалғандары жұмысқа алынды. Қала тұрғындарымен кездесулер жүйелі түрде өтетін болады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -