Қазақстан Ауғанстандағы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетті

4939

Қазақстанның Ауғанстандағы Елшісі Әлімхан Есенгелдиев БҰҰ-ның Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі миссиясының (БҰҰАЖМ) өкілдерімен бірлесіп Пактика провинциясының Бармал уезіне барды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Сапардың мақсаты - жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендерге Қазақстанның БҰҰАЖМ арқылы бұрын жіберген гуманитарлық көмектің бір бөлігін (киім, төсек, матрацтар, көрпелер, шағын пештер және т.б.) беру. Сапар барысында аталған гуманитарлық көмек Вара, Субха-Хел, Девари және Рагзай төрт елді мекендерінің ақсақалдары мен өкілдеріне берілді.

Ақсақалдар мен елді мекендердің өкілдері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, ҚР Үкіметі мен Қазақстан халқына Ауғанстан халқына ауыр жағдайдағы үндеуі және елеулі көмек көрсеткені үшін ризашылықтарын білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -