ҚазҰУ студенті «Oceanman – 2022» жарысында үздік атанды

9911

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 4-курс студенті Эльдар Шекербек Тайландта өткен «Oceanman – 2022» халықаралық жарысында 1-орынды жеңіп алды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

«Oceanman» сайысы – ашық суда теңіз немесе су айдындарында жүзуден жарысатын әлемдік бәсеке. Оған биыл 1200 спортшы қатысты. Эльдар ашық теңізде 5 шақырымды 1 сағат 10 минутта жүзіп өтіп, үздік нәтиже көрсетті.

Жүзу шеберлерінің басын қосатын байрақты жарыс жыл сайын кеңінен қанат жайып келеді. «Oceanman Almaty-Kapchagay 2021» сайысы шілде айында Қазақстанда өткен болатын.

Айта кетсек, жас спортшы шілде айында Қапшағайда өткен «Оушенмен Казахстан» сайсында да абсолютті чемпион атанды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -