Қазақстан мен БАӘ: дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына отыз жыл

8030

2022 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінде жергілікті БАҚ өкілдері мен сарапшылардың қатысуымен «Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері: дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына отыз жыл» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Аталған кітапты Қазақстанның Әбу Дабидегі Елшілігі Әмірліктердің Ұлттық архиві және кітапханасымен бірлесіп биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына отыз жыл толуына орай басып шығарды.

Елші М.Меңілбеков «бұл кітап Қазақстан мен Әмірліктердің 30 жылдық қарым-қатынастары тарихының негізгі кезеңдерін, оның ішінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы байланыстар жөнінде маңызды ақпарат пен фотосуреттерді қамтитынын» атап өтті.

Бұдан бөлек, қазақстандық дипломат іс-шараға қатысушыларға биыл Қазақстанда болған маңызды оқиғалар және ҚР-БАӘ ынтымақтастығының негізгі тұстары жөнінде баяндап берді.

БАӘ Ұлттық архиві және кітапханасы Корпоративтік коммуникациялар және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Фархан әл-Марзуқи кітаптың басылу тарихы және екіжақты ықпалдастықтың мүмкіндіктері жөнінде сөз қозғады.

Іс-шара соңында қатысушылар көрсетілген тақырыптар бойынша пікір алмасты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -