Оманда Қазақстанның туристік мүмкіндіктері таныстырылды

6644

2022 жылғы 19-желтоқсанда Масқат қаласында «Алматы туризм күні» тақырыбында роуд-шоу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Қазақстанның және Алматы қаласының туристік әлеуеті таныстырылды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Конференцияға Оман Туризм министрлігінің, Алматы қаласы Туризм департаментінің өкілдері, Омандық «Salam Air» әуе компаниясының басшылығы, Оманның 20-дан астам жетекші туроператорлары, сондай-ақ жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Омандық компаниялар өз қызметінде қазақстандық бағытты дамытуға жоғары қызығушылық танытты. «Salam Air» компаниясы 2023 жылы екі ел арасында тікелей әуе рейсін ашуға қызығушылық білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -