Ерұлан Жамаубаев Жоғарғы Кеңес Төрағасының реформалар жөніндегі орынбасары Сэр Сума Чакрабартимен кездесті

5247

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Жоғарғы Кеңес Төрағасының реформалар жөніндегі орынбасары Сэр Сума Чакрабартимен кездесті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Отырыс барысында еліміздің ағымдағы макроэкономикалық жағдайы, әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары, сондай-ақ фискалдық тәртіп пен жаңа Бюджет және Салық кодекстерін әзірлеу мәселелері талқыланды.

Шара нәтижесінде тараптар қаржы-бюджет саласындағы ынтымақтастықты арттыруға, Мемлекет басшысы белгілеген реформаларды сапалы жүзеге асыруға ықпал ететін консультациялар өткізуге келісті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -