Оқушылар Қазақстанды Оңтүстік Кореяда өтетін Халықаралық олимпиадада таныстырады

8492

2022 жылғы 22 желтоқсанда республиканың барлық оқу орындарының орта және жоғары сынып оқушылары арасында стандарттарды әзірлеу бойынша олимпиада жеңімпаздарын марапаттау өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Ұйымдастырушысы – ҚазСтандарт, ал демеушілері – отандық бизнес өкілдері.

«Өздеріңіз білетіндей, биылғы жыл Балалар жылы деп жарияланды, ҚазСтандарт мектеп жасына дейінгі балаларды, оқушылар мен студенттерді тарта отырып, бірқатар іс-шаралар өткізді. Жеңімпаздарды және Олимпиадаға қатысқан барлық балаларды шын жүректен құттықтаймын, табыстарға қол жеткізуіне, үнемі ізденіп жаңа деңгейге көтерілуіне тілектеспін» ҚазСтандарттың бас директоры Ғабит Мұхамбетов

Олимпиада 2 іріктеу турынан тұрды:

  • 1-тур – стандарттарды әзірлеу;
  • 2-тур – өз жұмысын ағылшын тілінде бейнероликтер түрінде таныстыру.

Мына оқушылар республикалық олимпиаданың жеңімпаздары болып жарияланды:

  • Сәрсенғали Даниал (Ақтөбе, Білім Инновация лицей);
  • Пак Светлана (Қостанай, А.М. Горький атындағы гимназия);
  • Ешим ИнкарДара (Астана, РФММ).

Бірінші турдың барлық қатысушыларына қатысқаны туралы сертификат, екінші тур қатысушыларына қатысқаны үшін естелік сыйлықтар берілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -