Бауырлас халықтар мұрасы: Мемлекет басшысы ұлы Абайдың шығармашылығына арналған көрмеге барды

7546

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапарының аясында Ташкент қаласында өтіп жатқан «Абай. Бауырлас халықтар мұрасы» атты ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған көрмеге барды. Бұл көрме – екі ел арасындағы достық пен бауырластық байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды қадам, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

«Абай. Бауырлас халықтардың мұрасы» атты көрмеде ұлы ақынның шығармашылығындағы Әлішер Науаидың рөлі, Абай өмірінің негізгі кезеңдері, Ә.Қастеев, О.Таңсықбаев, Е.Сидоркин, Н.Өтепбаев және тағы басқа суретшілердің туындыларындағы Абай туралы сюжеттер қамтылған.

Оған қоса, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің 120-дан астам экспонаты қойылған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -