Масқатта Жаңа Қазақстанның дамуына арналған Дөңгелек үстел өтті

13299

2022 жылғы 20-желтоқсанда Масқат қаласында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Жаңа Қазақстан» атты Дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Іс-шара барысында қатысушылар ү.ж. қараша айында өткен президенттік сайлаудың қорытындыларын, Президент Қ.К.Тоқаев бастаған Қазақстанның саяси реформаларын, «Жаңа» Қазақстанды құру әлеуетін талқылап, сондай-ақ бірқатар халықаралық мәселелер бойынша Астананың ұстанымы жөнінде айтылды.

Жалпы, конференция қатысушылары Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси-экономикалық реформаларды жоғары бағалап, оның ел болашағына оң әсер ететініне сенім білдірді.

Сонымен қатар, конференция барысында «Алаш» қозғалысы мен оның қайраткерлері туралы баяндайтын араб тілінде «Алаш Орда 1917-1920 жылдар» атты кітапшаның тұсауы кесілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -