Қазан қаласында Мұхтар Әуезовтің татар тіліндегі кітабының тұсаукесері өтті

11275

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнауының 30 жылдығын мерекелеу аясында РФ СІМ-нің Қазандағы өкілдігі мен Қазан қаласы мэриясының туризмді дамыту комитетінің қолдауымен ҚР Қазан қаласындағы Бас консулдығы қазақ мәдениеті күнін ұйымдастырды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Тарихи мұраны сақтау және елдер арасындағы мәдени-гуманитарлық, тарихи-мәдени қарым-қатынастарды дамыту мақсатында, сонымен қатар, Мұхтар Әуезовтың 125-жылдығына орай, Қазақстанның Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов Мұхтар Әуезовтің татар тіліне аударылған «Қараш-Қараш оқиғасы», «Көксерек», «Қилы заман» атты 3 шығармадан тұратын кітапты таныстырды.

Сонымен қатар, диаспора өкілдері қазақ музыкалық шығармаларын орындап және қонақтарға ұлттық тағамдардың мастер классы ұсынылды.

Іс-шараға Қазанда аккредиттелген шетелдік Бас және құрметті консулдықтардың басшылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ іскер топтардың, БАҚ және қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -