Мемлекеттік басқару мен қорғаныс саласына инвестиция екі еседен астам өсті

8943

Инвестицияның 62%-ы республикалық бюджет есебінен қамтамасыз етілді.

Биылғы қаңтар–қазан айларында мемлекеттік басқару және қорғаныс, сондай-ақ міндетті әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 93,3 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан құндық мәнде 2,4 есе артық. Инвестицияның нақты өсімі 2,2 есе.

Салыстыру үшін: 2021 жылдың осы кезеңінде керісінше 29,4% төмендеп 39,6 млрд теңге болған.

Өңірлер бойынша секторға салынған инвестицияның ең көп көлемі Түркістан облысына тиесілі: 24,5 млрд теңге, ақшалай өсім — 5,4 есе.

Үздік үштікке сондай-ақ елорда (23,3 млрд теңге, жылдық өсім — 2,4 есе) және Алматы (15,9 млрд теңге, жылдық өсім — 4,3 есе) қалалары кірді. Ең төменгі көрсеткіштер жаңадан құрылған Ұлытау облысында тіркелді: 16,7 млн теңге.

Инвестицияның ең көп жылдық өсімі Түркістан облысында байқалса, ең көп азаю Солтүстік Қазақстан облысында (89,8%, 115,4 млн теңгеге дейін).

Қаржыландыру көздері бойынша күрделі салымдардың 62,1%-ы республикалық бюджеттен қамтамасыз етілді: 58 млрд теңге — бір жыл бұрынғыдан 4,8 есе артық.

Жергілікті бюджеттен 28,4 млрд теңге (бір жылда 9,6% көбейген) түсті, банктік емес қарыз қаражат есебінен 5,6 млрд теңге (бір жыл бұрынғы 3 млн теңге болған), кәсіпорындардың меншікті қаражаты есебінен 1,4 млрд теңге (18,6% азайған).

Қазақстан қорғаныс өнеркәсібі қорын құру туралы ұсыныс бар, деп хабарлайды inbusiness.kz. Құжат қазір талқылануда.

Қордың жарғылық капиталы 150 млн теңгеден асады деп күтілуде. Бұл қаражатты отандық ғылыми-техникалық әзірлемелерді қолдауға, сондай-ақ әскери-өнеркәсіп кешенін жаңғыртуға бағыттау жоспарлануда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -