Қазақстан мен Ресей шекараларын демаркациялау: 124-ші отырыс өтті

10560
Фотосурет: Depositphotos

2022 жылғы 19-23 желтоқсанда Алматы қаласында Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүз жиырма төртінші отырысы өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Тараптар Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын дайындауды жалғастырды, Комиссияның 2022 жылғы жұмысын қорытындылады, сондай-ақ Комиссияның 2023 жылға арналған жұмысының жоспар-кестесін бекітті.

Комиссияның келесі отырысы 2023 жылғы қаңтар айының соңында Ресей Федерациясының аумағында өтеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -