Қазақстан: Елдің биологиялық қауіпсіздігін нығайту

12331

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті, 19-отырысы өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Комиссия қызметінің мақсаты – ядролық, химиялық және биологиялық қаруды таратпау саласындағы біздің халықаралық міндеттемелерімізді орындау және еліміздің басшылығының жаһандық бастамаларын іске асыру бойынша ҚР мемлекеттік органдарының жұмысын үйлестіру.

Комиссия елдің биологиялық қауіпсіздігін нығайту, сондай-ақ Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың қатысушы-мемлекеттердің Үшінші кездесуге төрағалығы бойынша дайындық мәселелерін қарастырды.

Комиссия отырысына қатысқан министрліктер мен ведомстволардың басшылары бұдан бұрынғы отырыста берілген тапсырмалардың орындау барысы туралы хабарлап, келесі кезеңге міндеттер анықтады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -