Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Қазақстан және екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастар туралы дәріс оқыды

20504

Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин елдің жетекші университеті – Каид-е-Азам университетінде болып, студенттер мен оқытушыларға Қазақстан және екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастар туралы дәріс оқыды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Дәріс барысында Қазақстан Елшісі Қазақстанның тәуелсіздік кезеңіндегі халықаралық бастамалары мен жетістіктері туралы айтып, Қазақстан-Пәкістан ынтымақтастығының даму аспектілеріне жеке тоқталды.

Сонымен қатар, Е.Қыстафин екіжақты және көпжақты форматтағы екі мемлекеттің сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы ынтымақтастығын дамытудың тарихы мен қазіргі жағдайына қатысты сұрақтарға жауап берді.

Елші Каид-е-Азам университетінің тарих факультетінің профессоры, доктор Разия Султанаға шақырғаны және іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіреді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -