Екіжақты Қазақ-Тәжік қатынастарының перспективалары

13860

Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов 2022 жылғы Елшілік жұмысының қорытындыларына арналған дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шараға Тәжікстанның белгілі саясаттанушылар мен сарапшылар, ғылыми-мәдени топтарының, бұқаралық ақпарат құралдарының және қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Елші У.Төреханов Қазақстандағы болып отырған өзгерістер мен әлеуметтік-экономикалық нәтижелер, сондай-ақ екіжақты қазақ-тәжік қатынастарының жағдайы мен перспективалары туралы айтып берді.

Сондай-ақ Қазақстан мен Тәжікстан дипломатиялық қатынастарының 30 жылдығына орай 2023 жылы жоспарланған іс-шаралар туралы хабардар етті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -