Мароккода Қазақстандағы саяси және экономикалық реформалар талқыланды

14762

Қазақстанның Мароккодағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 31 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сарапшылық және кәсіпкерлік топтар, сондай-ақ жергілікті азаматтық ассоциациялар мен БАҚ өкілдері қатысқан іс-шара барысында Қазақстандағы саяси және экономикалық реформалар, президенттік сайлау қорытындылары, сондай-ақ елімізде өткен ірі халықаралық іс-шараларды, Қазақстан мен Марокко арасындағы ынтымақтастықтың дамуы мәселелер талқыланды.

Іс-шара қорытындысы бойынша екі ел арасында рухани, мәдени, білім мен ғылым, ауыл шаруашылығы және туризм салаларында ынтымақтастықты тереңдету мүмкіндіктері бойынша нақты ұсыныстар айтылды және келесі жылы осы сияқты тақырыптық кеңейтілген дөңгелек үстел өткізу туралы келісілді.

Қатысушыларға Қазақстанның Тәуелсіздік күні мейрамына, туристік әлеуетіне арналған бейнеролик пен фотокөрме ұсынылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -