Қазақстан Елшісі Иерусалим мэрінің салтанатты қабылдауында баяндама жасады

14322

Иерусалим муниципалитетінде Жаңа жыл қарсаңында қала мэрі Моше Лион ұйымдастырған дәстүрлі қабылдау өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Салтанатты шараға Иерусалимдегі христиан, мұсылман және еврей қауымдастықтарының басшылары мен өкілдері, Израиль Кнессетінің депутаттары, Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері, сондай-ақ дипломатиялық корпус мүшелері қатысты.

Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов дипломатиялық корпус атынан сөз сөйлеп, жиналған қауымға келе жатқан Жаңа жылда амандық, бейбітшілік пен жақсылық тіледі. Дипломат өз сөзінде «осы күзде Қазақстанның Ұлы даласы Бас раввиндер мен Иерусалим және бүкіл Палестина Патриархының сапары аясында Қасиетті Иерусалимнен жеткен рухани тілектерге толы болғанын» атап өтіп, Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезінің дінаралық диалог пендостықты насихаттау ісіндегі маңыздылығын айтты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -