Қазақстанның ядролық инфрақұрылымына кешенді шолу жасау бойынша Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің миссиясын ұйымдастыру жоспарлануда

18590
Фотосурет: Depositphotos

2009 жылдан бастап Қазақстан өндірілетін табиғи уран көлемі бойынша әлемде бірінші орында. 2022 жылдың қорытындысы бойынша уран өндіру көлемі 21,6 мың тонна деңгейінде күтілуде. Осы жылдың желтоқсан айында Қытайға жылу бөлетін жинақтарды жеткізудің бірінші партиясы жеткізілді. Энергетика министрі Болат Ақшолақов ОКҚ алаңында өткен брифингте осындай мәліметтер келтірді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сондай-ақ ол отандық АЭС бойынша жоспарға тоқталды.  

«Атом электр станциясын салудың оңтайлы ауданы ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданы ұсынылды. Қытай, Ресей, Корея, Франция жеткізушілерінің дәлелденген реакторлық технологияларының «қысқа тізімі» жасалды. Алдағы жылы уран өнімдерін жеткізудің көлік бағыттарын әртараптандыру мәселесі пысықталатын болады. Сондай-ақ Атом электр станциясының реакторлық технологияларын таңдау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бұдан басқа, Қазақстанның ядролық инфрақұрылымына кешенді шолу жасау бойынша Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің миссиясын ұйымдастыру жоспарлануда» Болат Ақшолақов

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -