Қазақстанға шетелдік инвестициялар ағыны 17,8%-ға өсті

19294

2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) жалпы ағыны 17,8%-ға өсті және 22,1 млрд АҚШ долларын құрады (2021 жылдың 9 айы бойынша $18,7 млрд). Үш тоқсанның көрсеткішін бүкіл 2021 жылы тартылған инвестициялар көлемімен салыстыруға болады ($23,8 млрд), деп хабарлайды DKNews.kz.

Инвестициялар ағынының ең үлкен өсімі өңдеу өнеркәсібінде: 36,9% ($4,9 млрд), көтерме және бөлшек саудада: 32,6% ($3,8 млрд), көлік пен қоймада: 20,1% ($938,7 млн), тау-кен өнеркәсібінде: 11,7% ($10,1 млрд) байқалды.

Қазақстанға ең көп инвестициялар салған елдер тізіміне Нидерланд ($5,5 млрд), АҚШ ($5 млрд), Швейцария ($2,6 млрд), Бельгия ($1,3 млрд), РФ ($1,3 млрд), Оңтүстік Корея ($1,1 млрд), ҚХР ($996,7 млн) және Франция ($538,1 млн) кірді. Бұл ретте, Бельгия мен Оңтүстік Кореядан ТШИ ағыны екіжақты қатынастар тарихында рекордтық көрсеткішке жетті.

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровтың айтуынша, ТШИ ағыны өсуінің оң динамикасы – елімізге инвестициялар ағынына қысым жасайтын сыртқы факторларға қарамастан, шетелдік инвесторлардың елімізге және жүргізіліп жатқан реформаларға сенімінің дәлелі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -