Қазақстан – Грузия: дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығының қорытындысы

34837

2022 жылғы 29 – желтоқсан Қазақстан мен Грузия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30-жылдығының қорытындылары мен Қазақстанның жаңа реформаларына арналған семинар өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шараға Қазақстан-Грузия экономикалық бірлестігінің мүшелері, Грузияда жұмыс жасап жатқан ҚР компанияларының өкілдері мен азаматтары, БАҚ өкілдері қатысып, Қазақстандағы жаңа саяси және экономикалық реформалар барлық өзара тиімді салаларда қазақстан-грузин қатынастарын болашақта тың жобалармен жандандыратынына сенім білдірді.

Іс-шара соңында Қазақстан мен Грузия арасындағы достық қатынастарды дамытуға қосқан үлестері, сондай-ақ 2022 жылдың қаңтар айында Қазақстанда болған қайғылы оқиғалар кезінде Грузияда уақытша қалып қойған ҚР азаматтарына көрсеткен көмектері үшін бірқатар компаниялар мен еріктілер Алғыс хаттармен марапатталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -