2023 жылдың 3 қаңтарында Дания Корольдігіндегі Кристиансборг сарайында Ұлы мәртебелі Дания патшайымы Маргрете II-нің Жаңа жыл мерекесіне орай жыл сайынғы қабылдауы өтті. Данияда аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің басшылары үшін ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Сергей Нұртаев пен жұбайы қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.
Мәртебелі Дания патшайымы дипломатиялық миссия басшыларын құттықтап, екіжақты қарым-қатынастарды нығайту бойынша атқарылып жатқан жұмыстары үшін алғысын білдірді.

Дуайен - Аргентинаның Елшісі Конрадо Солари Иригойен дипломатиялық корпус атынан сөз сөйледі.
Салтанатты қабылдауға тәж ханзадасы Фредерик пен тәж ханшайымы Мэри қатысты.