Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, Африка одағы жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Африка одағының Экономикалық даму, сауда және өнеркәсіп жөніндегі комиссары Альберт Мучангамен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Африка одағы Комиссиясы арасындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады.

Елші Қазақстанның Африкадағы орнықты дамуды ілгерілету мәселелері бойынша ынтымақтастыққа мүдделілігін атап өтті.
Б.Садықов Африка елдерінің азық-түлік қауіпсіздігі, өңіраралық сауданы бірлесіп ілгерілету, сондай-ақ Африкаға және кері қарай тауарларды өзара жеткізу үшін ең қысқа көлік дәліздерін анықтау мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды.
Комиссар А.Мучанга өз тарапынан аталған бағыттар бойынша Қазақстанмен ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді.