Наурызбай Қажы Тағанұлы халықаралық қажылық көрмесін аралады

14982

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Сауд Арабиясы Корольдігіне барған сапарында Жидда қаласында басталған қажылық және ұмра қызметтеріне арналған халықаралық көрмені арнайы аралап көрді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Халықаралық көрмеге қажыларға заманауи үлгіде қызмет көрсетуге арналған ақпараттық технологиялар, тиімді көлік, кәсіби медициналық көмек, сапалы тамақ пен цифрлық қызмет түрлері, сонымен қатар қонақ үй индустриясын дамытуға арналған озық үлгідегі қажетті технологиялық құралдар қойылған.

Сондай-ақ көрмеде қажылардың танымы мен мәдениетін байытуға арналған қызмет түрлері де ұсынылған. Қажылық көрмесін аралаған Бас мүфти бастаған делегация мүшелері тиісті компания өкілдерімен келіссөздер жүргізді. ҚМДБ Төрағасы Қажылық миссиясына нақты тапсырмалар берді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -