Қазақ және Тәжік халықтары арасындағы достық пен тату көршіліктің берік байланыстары

15928

Қазақстанның Тәжікстандағы Елшілігінің бастамасымен және Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясының өнер шеберлерінің концерті өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Салтанатты шараға Тәжікстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарының, БАҚ өкілдері және елде аккредиттелген дипломатиялық корпус қатысты.

Қазақстан Елшісі Уәлихан Төреханов өзінің құттықтау сөзінде елдер арасындағы өзара қарым-қатынастың жоғары деңгейін, стратегиялық әріптестік, өзара тиімді сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық дамуының оң динамикасын, сондай-ақ қазақ және тәжік халықтары арасындағы достық пен тату көршіліктің берік байланыстарын атап өтті.

Салтанатты концерт барысында қазақтың халық әндері мен күйлері, Ш. Қалдаяқов, Н. Тілендиев, М. Байбосынов және басқа да авторлардың белгілі шығармашылары орындалды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -