Астана Бухаресттің Орталық Азиядағы негізгі серіктесі

22715

Қазақстанның Елшісі Нұрбах Рүстемов Румыния Премьер-министрінің Мемлекеттік кеңесшісі Юлиан Кифумен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Келіссөздер барысында қазақстандық дипломат сұхбаттасты еліміздегі ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанды» құруға бағытталған реформалары мен бастамаларын жүзеге асыру барысы туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.

Сонымен қатар, тараптар энергетика, көлік және логистикалық ынтымақтастыққа ерекше назар аудара отырып, екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен оларды тереңдету перспективаларын талқылады.

Өз кезегінде Ю. Кифу Қазақстан екіжақты форматта да, ЕО-Қазақстан бағыты бойынша да Румынияның Орталық Азиядағы негізгі серіктесі екенін атап өтті.

Бұл ретте Мемлекеттік кеңесші Премьер-министр Кеңсесі Елшіліктің бастамаларын қолдайтынын және екі жаққа да тиімді, әсіресе сауда-экономикалық саладағы жобаларды жандандыруға көмектесуге дайын екеніне сендірді.

Сұхбаттастар сондай-ақ мәдени шаралардың жүзеге асырылуын, атап айтқанда, Румынияда қазақтың ұлы композиторы Құрманғазының және Қазақстанда румынның ұлы композиторы Джордж Энеску бюстілерінің ашылуын талқылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -