Айгүл Қапбарова Ислам ынтымақтастығы ұйымы Парламенттік одағы конференциясының 17-ші сессиясына қатысты

1056

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова Ислам ынтымақтастығы ұйымы Парламенттік одағы Конференциясының 17-ші сессиясының жұмысына байқаушы ретінде қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сенатор басқа елдердің парламентшілерімен бірге аймақ елдерінің жаңа қауіп-қатерлерге қарсы бірлігі, көші-қон саясаты саласындағы ынтымақтастық, азық-түлік дағдарысының зардаптары туралы мәселелерді талқылады.

Депутат конференция жұмысы аясында ИЫҰ Парламенттік одағының Бас хатшысы Мұхамед Хурайчи Ниасспен де кездесті. Тараптар кездесу барысында Одақтың ТМД Парламентаралық Ассамблеясымен ынтымақтастығының келешегін талқылады.

«Соңғы жылдары Ислам ынтымақтастығы ұйымының Парламенттік одағы мен біздің еліміз түрлі іс-шараларға қатыса отырып, тұрақты байланыста болып келеді. Біз осындай қарым-қатынастардың одан әрі дамуына және тереңдей түсуіне мүдделіміз. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында өңірлік маңызды мәселелерді шеше аламыз» Айгүл Қапбарова
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -