ҚР СІМ-де Қазақстан мен Қытайдың екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды

1347

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Чжан Сяомен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан-Қытай жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамытудың ахуалы мен келешегі, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Қ.Тумыш жоғарғы және жоғары деңгейде саяси диалогты одан әрі нығайтудың, сондай-ақ коронавирус індетінен кейінгі кезеңде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандырудың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар 2022 жылы 24,1 млрд АҚШ долларын құрған екіжақты тауар айналымы көрсеткішінің оң динамикасын қанағаттанушылықпен атап өтті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -