Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Чжан Сяомен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан-Қытай жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамытудың ахуалы мен келешегі, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Қ.Тумыш жоғарғы және жоғары деңгейде саяси диалогты одан әрі нығайтудың, сондай-ақ коронавирус індетінен кейінгі кезеңде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандырудың маңыздылығын атап өтті.
Тараптар 2022 жылы 24,1 млрд АҚШ долларын құрған екіжақты тауар айналымы көрсеткішінің оң динамикасын қанағаттанушылықпен атап өтті.