Қазақстан СІМ-де Халықаралық Қызыл Крест комитетімен одан әрі ынтымақтастық перспективалары талқыланды

1978

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Халықаралық Қызыл Крест комитетінің (ХҚКК) Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Франсуа Блансиді, сондай-ақ миссияның жаңадан тағайындалған басшысы Желько Лежаяны қабылдады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қ. Омаров Ф.Блансиге еліміздің Сыртқы істер министрлігімен және мемлекеттік органдарымен түрлі жобаларды, тренингтер мен семинарларды жүзеге асыруда тығыз ынтымақтастығы мен жұмысы үшін алғыс айтты. Атап айтқанда, Қазақстанның белсенді халықаралық және өңірлік рөлін ескере отырып, халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын ілгерілету және оларды мемлекеттік органдардың жұмысында қолдану бойынша ХҚКК қызметіне жоғары баға берілді. Қазақстандық дипломат ХҚКК миссиясының жаңа басшысына одан әрі жемісті ынтымақтастықты дамытуға және бірлескен жұмыста қажетті қолдау көрсетуге дайын екендігіне сендірді. 

Тараптар ағымдағы жылға арналған Ынтымақтастық жоспарын талқылап, жобалар мен іс-шараларды табысты жүзеге асыруға өзара мүдделілік танытып, Қазақстанда әрі өңірлік деңгейдегі одан әрі іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті. 

 

Халықаралық Қызыл Крест комитеті – бейтарап және тәуелсіз үкіметтік емес ұйым, оның негізгі мақсаты – бүкіл әлемде соғыс, зорлық-зомбылық және гуманитарлық апат құрбандарына көмек көрсету. ХҚКК Орталық Азия елдерінде 1992 жылдан бері жұмыс істейді, аймақтық өкілдігі Ташкент қаласында орналасқан. 2019 жылғы шілде айында Қазақстанда ХҚКК өкілдігі ашылды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -