Қазақстандық дипломаттар Сталинград шайқасының 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысты

2216

Елші Ермек Көшербаев бастаған Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің делегациясы Волгоград облысында болып, Сталинград шайқасының аяқталуының 80 жылдығына арналған еске алу шараларына қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Дипломаттар аты аңызға айналған Мамаев қорғанында Мәңгілік алауға, Кеңес Одағының Маршалы Василий Чуйковтың қабіріне, Белгісіз солдаттың қабіріне, Кіші бауырлас қабірге және «Сталинградты қорғауда батырлықпен шайқасқан және ерлікпен қаза тапқан қазақстандықтар» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Белгілі болғандай, қала үшін шайқасқа Қазақстанда құрылған 9 дивизия құрамында 100 мыңға жуық қазақстандық қатысты, олардың көпшілігі осында мәңгі қалды. Соңғы 30 жылда жергілікті іздеу жасақтары 3 мыңға жуық сарбаздың сүйегін тапты, олардың ішінде 300 қазақстандық анықталды. «Наследие» Волгоград облыстық іздеу қоғамдық ұйымының төрағасы Денис Соловьевпен кездесуде Е. Көшербаев атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылығын білдірді. Ол соңғы қонысын таппаған тағы мыңдаған отандастарымыздың Волгоград жерінде қалғанын еске салып, ресейлік іздеу жүйелері мен қазақстандық әріптестері арасындағы осы игі миссияда белсенді ынтымақтастықты жақтады.

Сапар аясында Е. Көшербаев Волгоград облысының губернаторы Андрей Бочаровпен кездесті.

Тараптар өзара сауданы арттыру және екі елдің іскер топтары арасында тікелей байланыстар орнатудың кең мүмкіндіктерін атап өтті. Қазақстанның көптеген аймақтары Волгоград облысымен машина жасау, мұнай-химия, қара және түсті металлургия, жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және құрылыс индустриясы салаларында инвестициялық ынтымақтастық құруға дайын.

Волгоград облысының Қазақстанмен географиялық жақындығы екі мемлекеттің мүддесі үшін көліктік-транзиттік әлеуетті дамытуға қолайлы жағдай жасайды.

Келіссөздерде Волгоград облысында Қазақстанның шығармашылық ұжымдарының және Қазақстанның шекаралас облыстарында Ресей ұжымдарының бірқатар концерттері мен қойылымдарын өткізу мүмкіндігі қарастырылды.

Сапар барысында Елші Волгоград облысындағы қазақ диаспорасының өкілдерімен де кездесті. Ең алдымен қазақ тілін үйренуге қатысты отандастарды толғандыратын өзекті мәселелер, сонымен қатар, бірлескен гуманитарлық жобалар талқыланды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -