ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен AstraZeneca Лондонда ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

1373

Лондонда сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясының 9-шы отырысы шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен «AstraZeneca» халықаралық биофармацевтикалық компаниясының арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Меморандумға қол қою халық үшін инновациялық дәрілік препараттардың қолжетімділігін арттыруды, Қазақстан аумағында орналасқан өндірістік қуаттарда дәрілік заттардың келісімшарттық өндірісін кеңейтуде өндірушілерді ынталандыруды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының фармацевтикалық индустриясын дамытуға ықпал ететін болады» ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев

Оның айтуынша, ірі Британдық фармацевтикалық компаниямен әріптестікті нығайту Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіне неғұрлым заманауи және тиімді халықаралық практикаларды интеграциялауға, ҚР мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің арасында денсаулық сақтау, медицина ғылымы және білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және тәжірибе алмасуға ықпал ететін болады.

Құжатқа қол қою барысында тараптар Британдық фармакомпанияның қазақстандық өндірістің негізінде инновациялық препараттарды оқшаулауға жәрдемдесу мүмкіндігін талқылады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -