ҚР Сыртқы істер министрі Түркияның Қазақстандағы елшілігіне барды

1928

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігіне барды, деп хабарлайды DKNews.kz.

М.Тілеуберді Министрліктің және жеке өзінің атынан түрік халқына көптеген адам шығынына байланысты қолдау білдіріп, көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

«Түркияда орын алған ірі жер сілкінісі салдарынан адамдардың қаза болуына орай орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып, бауырлас түрік халқына қайғырып көңіл айтамын! Алла Тағаладан қаза тапқандардың жандары жаннатта болуын, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуін тілеймін» Мұхтар Тілеуберді

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -