ҚР ИИДМ-де көлік саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды

1674

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Abu Dhabi Ports компаниясының өкілдерімен кездесіп, онда көлік-логистикасы және халықаралық көлік маршруттарын дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Екіжақты кездесуде Abu Dhabi Ports компаниясының Semurg Invest компаниясымен бірлесіп, «Саржа» көпфункционалды терминалын салуға қатысуы және қазақстандық тарапқа Simatech компаниясының Бандер Аббас портындағы терминалдық қуат көздерін беру мәселесі талқыланды. Сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тарта отыра «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізі мен Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту бойынша өзара іс-қимыл жөніндегі жоспарлар мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ ақпараттық жүйесін Abu Dhabi Ports-тың логистикалық платформасымен интеграциялау жолдары қарастырылды.

Бұл орайда көлік саласында Ресей, Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Иран және Қазақстан сынды елдер кіретін «Жасыл дәліз» (Green line) жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілгенін айта кетейік.

Аталған келісім жобасын дайындау мақсатында тараптар таяуда (ақпан айының 20-сынан кейін) бұған байланысы бар ҚР мемлекеттік органдарының қатысуымен Zoom форматы арқылы кездесуді жоспарлап отыр.

Іскерлік кездесудің қорытындысы бойынша тараптар жемісті әңгімеге ризашылықтарын жеткізіп, Қазақстан мен БАӘ арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -