Бельгияда Қазақстанның Құрметті консулына патент табысталды

1802

Қазақстан Елшісі Марғұлан Баймұхан бельгиялық белгілі кәсіпкер Джозеф Лебонға Батыс Фландрия, Шығыс Фландрия, Фламанд Брабант және Лимбург провинцияларындағы Қазақстанның Құрметті консулының экзекватурасы мен патентін салтанатты түрде табыс етті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстанның жаңадан тағайындалған Құрметті консулы Бельгиядағы ең ірі сақтандыру компанияларының бірі – «Allia Insurance Brokers NV» компаниясының атқарушы директоры болып табылады.

Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген М. Баймұхан өзі өкілдік ететін мемлекет пен болу ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты ілгерілетудің пәрменді құралы болып табылатын құрметті консулдар институтының дипломатиялық қатынастар тәжірибесіндегі маңыздылығын атап өтті.

Дж. Лебон Қазақстан басшылығының оған көрсеткен сенімі үшін алғысын білдіріп, Қазақстан мен Бельгия арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бар күшін салатынына сендірді.

Салтанатты рәсімге Қазақстанның Бельгияның басқа провинцияларындағы құрметті консулдары Оливье Виллокс пен Анна Сусарова қатысты. Кездесуге қатысушылар Елшімен Қазақстан экономикасына инвестициялар тарту, Бельгияда қазақстандық экспорт пен мәдени мұраны ілгерілету, ғылыми, білім беру және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту жоспарларын талқылады.

Құрметті консулдық – Құрметті (штаттан тыс) консул басқаратын мекеме, ол өкілдігін жіберген мемлекеттің мемлекеттік қызметінде тұрмай, оның тапсырмасы бойынша (патент негізінде) және консулдық орналасқан мемлекеттің келісімімен (экзекватура негізінде) кейбір консулдық функцияларды өтеусіз орындайды. Мысалы, визалар мен басқа да ресми құжаттарды беруді қоспағанда, өзі өкілдік ететін мемлекеттің және оның азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -