Freedom Finance Global PLC АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитетімен келісімге келді

1558

“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті”(AFSA) Freedom Finance Global PLC (FFG) компаниясының 2022 жылы жасалынған қадағалау инспекциясы кезінде анықталған реттеушілік сәйкессіздіктерін жоятынына келіскенін хабарлайды.

FFG өз жүйесінде қажетті жүйе мен бақылаудың толықтай болмағанын және іс жүргізу кезінде АХҚО Актілерінде белгіленген негізгі принциптер мен көптеген ережелерді бұзғанын мойындайды. Мұнан соң өз іс жүргізуінің біраз бөлігінде сәйкессіздіктерге орын берілгендігін де мойындайды, деп хабарлайды DKNews.kz.

AFSA қорытындысы мен айыппұл төлемін төлеуді қабылдау арқылы, FFG AFSA-мен бірлесе жұмыс істеуді жалғастыру арқылы AFSA көрсеткен салалардағы олқылықтарды жылдам түзеп, және AFSA айқындаған өзге де мәселелерді тезірек жөнге келтіру бойынша жоспар түзуге келісті.

«AFSA лицензиясына ие барлық компаниялардың AFSA-ның ережелері мен принциптеріне сай, жоғарғы талаптарына сәйкес болуын күтеді. FFG оны мойындады және әрі қарай тиісінше іс атқаруға міндеттеме алды. Лицензияға ие компаниялардың барлығының олардан қажет етілетін талаптарды білетіндігі және оларды басынан бастап, әрі үнемі жүзеге асыруға қажетті механизмдерді қамтамасыз етуі маңызды» AFSA Бас директорының орынбасары Гарет Линг
«FFG AFSA көрсеткен олқылықтарды мойындайды және оларды уақытылы түрде шешуге міндеттеме алады. FFG, бұрынғыша, АХҚО-ға қолдау білдіруге және Қазақстан экономикасына, азаматтарына, АХҚО-ға экономикалық тиімділік әкелуге бейіл» Freedom Finance Global PLC Директорлар Кеңесінің Төрағасы Сергей Лукьянов
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -